Алматы полициясының хабарлауынша, кеше оңтүстік астана тұрғындары Гагарин мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында жер астында өрт шыққанын хабарлаған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, кеше күндізгі уақытта Алмалы ауданындағы Гагарин мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында куәгерлер жерасты коммуникацияларының тұтанғанын хабарлаған.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер, авариялық қызметтер мен энергетиктер дереу келді. Тәртіп сақшылары қауіпті учаскені қоршап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті, ал өрт сөндірушілер өртті жоюға кірісті, — деп хабарлады құқық қорғау органдары.
Мамандардың алдын ала мәліметі бойынша, оқиғаның себебі жерасты инженерлік желілеріндегі қысқа тұйықталу болуы мүмкін. Өрт жедел түрде оқшауланып, жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Дереккөз: Nur.kz