...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда жер сілкінісі сезілді: магнитуда 5,8

Алматыда жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, жер асты дүмпулерінің магнитудасы 5,8 болды.

Оқиға туралы ақпарат нақтылануда. Редакция ҚР ТЖМ-нан ресми деректерді сұратып үлгерді.

Бұған дейін сейсмологтар Каспий теңізінде жаңа жер сілкінісі болғанын хабарлаған еді.

Дереккөз: Zakon.kz