
Алматы тұрғындары бүгін кешке, шамамен сағат 21:22-де жер асты дүмпулерін сезді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, дүмпу тіркелгеннен кейін нақты өзара іс-қимыл алгоритмі іске қосылып, барлық профильді мемлекеттік органдар шұғыл түрде хабардар етілді.
Қазір ҚР ТЖМ Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мамандары түскен деректерді өңдеумен айналысуда. Сейсмологтар дәл эпицентр мен баллдағы дүмпу күші туралы ақпаратты нақтылап жатыр.
Дереккөз: Almaty.tv