
Алматы тұрғындары үшін мемлекеттік қызметтер қолжетімді бола түсуде. Қаладағы барлық ХҚКО-ларда жұмыс істейтін өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында бір айдың ішінде 90 мыңға жуық қызмет көрсетілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Цифрлық сервистердің қаншалықты сұранысқа ие екендігі және болашақта онлайн-формат ХҚКО-ға үйреншікті баруды алмастыра алатыны туралы Almaty.tv телеарнасының жаңалықтар студиясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша бөлім басшысы Жалғасбек Увашев айтып берді.
Дереккөз: Almaty.tv