Алматыда жеке сот орындаушысы сот шешімін орындау кезінде бұзушылықтарға жол бергені үшін қызметін жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Прокуратура тексерісі барысында жеке сот орындаушысының сот шешімін орындау барысында заң талаптарын бұзғаны анықталды. Анықталған бұзушылықтарға байланысты оның қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы шешім қабылданды.
