Алматыда электр қуаты өшкеннен кейін бағдаршамдар жұмысын тоқтатып, жолдарда кептеліс пайда болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Zakon.kz тілшісі қала көшелерін аралап, жүріс-тұрысы қарқынды даңғылдарда не болып жатқанын көрсетті.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мәліметінше, 14 тамызда сағат 14:38-де Л-5400, Л-5300 және Л-5320 желілерінің авариялық ажырауы салдарынан компания желілерінде аварияға қарсы автоматты құрылғы іске қосылған.
Салдарынан Алматы қаласы мен Алматы облысында электр тұтынушылары қуатсыз қалды. Ажыратылған жүктеме көлемі 300 МВт құрады.
