...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда жаппай жарық сөнуі: себебі мен зардап шеккен аудандар

Алматы қаласы мен Алматы облысында жаппай жарық сөніп, тұрғындар алаңдаушылық білдіруде. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ баспасөз қызметі жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

САОН әрекеті салдарынан ажыратылған жүктеме көлемі 300 МВт құрады. Алматы қаласында жарық келесі аудандарда сөнді: Бостандық, Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандары.

Алматы облысында тұтынушылар Жамбыл, Балқаш, Есік, Қарасай, Шелек, Райымбек, Ұйғыр, Іле, Кеген және Талғар аудандарында жарықсыз қалды.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мамандары тұтынушылардың электрмен жабдықтауын қалпына келтіру бойынша қажетті шараларды жүргізуде.

Айта кетейік, жазда ерекше ыстық күндері алматылықтарға электр желілерін шамадан тыс жүктемеу туралы өтініш жасалған болатын. 2026 жылдың шілдесінде Алматыда жаппай жарық сөнуі орын алған еді. Сол кезде «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қаладағы ауа температурасы 40 градустан жоғары болғанда, электр желілері рекордтық жүктемеге тап болғанын түсіндірді. Электр энергиясын тұтынудың айтарлықтай өсуі қаланың әртүрлі аудандарында технологиялық бұзылыстарға әкелді.