
Әлеуметтік желілерде Алматыда болған жаппай төбелес салдарынан екі жасөспірімнің қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Threads желісіндегі хабарламаға сәйкес, төбелес 30 сәуірге қараған түні болған. Қаза тапқан жігіттердің бірі 17 жаста болған. Күдікті 20 жаста.
Тергеу барысы Ішкі істер министрлігі мен Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Наурыз айының соңында Талдықорғанда жастар арасындағы төбелес адам өлімімен аяқталған еді.
Дереккөз: Zakon.kz