
Алматы полициясы үйдің жертөлесінде заңсыз сыра өндірісін анықтады. Арнайы қайнату жабдығы орнатылып, дайын өнім, ыдыс және шикізат сақталған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 4 мамырда бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Құқық қорғау органдары барлық мән-жайды анықтап, процессуалдық шешім қабылдайды.
Сәуір айының басында Семей қаласында да заңсыз алкоголь өндіретін жасырын цех ашылған еді. Ол жерден 12 мыңнан астам бөтелке өнім тәркіленген.
Дереккөз: Zakon.kz