...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда жаңбыр қаупіне байланысты 85 бригада кезекшілікке шықты

Алматыда жауын-шашынға байланысты су басу қаупіне дайындық күшейтіліп, коммуналдық қызметтер жоғары дайындық режиміне көшті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалада 85 жедел бригада кезекшілікке шықты. Мамандар жаңбыр кезінде су жиналуы мүмкін учаскелерді бақылауға алды.

Коммуналдық қызметтер қажетті техниканы дайындап, су басу қаупіне қарсы іс-шараларды алдын ала жүргізді.