Алматының Бостандық ауданындағы полицияға атыс туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетіп, тексеру жүргізді. Нәтижесінде барлық қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді.
Полиция қызметкерлері қаруды заңсыз айналымға түсіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Бұған дейін Алматыда қабырғадағы есірткі жарнамасы күткеннен де көп ақпарат ашқаны хабарланған. Полицейлер сол іс бойынша 25 жастағы ер адамды ұстаған.
