...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда жаңбырдан кейін пайда болған шұңқырға шағым түсті: мердігерге ескерту берілді

Алматы тұрғыны қала көшелерінің біріндегі көлік қозғалысына кедергі келтіретін шұңқырға шағымданды, ал «Алматы Су» мердігер ұйымға ескерту жіберілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Мәселені Threads әлеуметтік желісіндегі daulet_adam атты пайдаланушы жария етті. Ол Шақшақ Жәнібек көшесінде, Коперник көшесіне жақын жерде жаңбырдан кейін пайда болған шұңқыр көлік жүрісіне кедергі келтіріп, көліктердің жиналуына себеп болғанын жазды. Пайдаланушы «Алматы Су» кәсіпорнының уәдесіне қарамастан, ақау әлі жойылмағанын атап өтті.

«Жаңбырдан кейін Шақшақ Жәнібек көшесінде, Коперник көшесіне жақын жерде пайда болған шұңқыр көлік қозғалысына кедергі келтіріп, көліктердің жиналуын тудырып отыр. «Алматы Су» уәде бергеніне қарамастан, мәселе әлі шешілген жоқ. Шұңқырды уақытша болса да көміп тастауға болады», — деп жазды ол.

«Алматы Су» кәсіпорнында бұл учаскеде су құбыры желісін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілгенін түсіндірді. Жұмыстарды «RG Capital Invest» ЖШС мердігерлік ұйымы ескі желілердің физикалық тозуына байланысты және Медеу ауданы тұрғындарын сенімді сумен қамтамасыз ету қажеттілігіне орай орындаған.

Кәсіпорында жұмыстар аяқталғаннан кейін асфальтбетон жабыны тиісті деңгейде қалпына келтірілмегенін мойындады.

«Жұмыстар аяқталғаннан кейін «RG Capital Invest» ЖШС мердігерлік ұйымы асфальтбетон жабынын тиісті деңгейде қалпына келтірмеу фактісі бойынша кепілдік міндеттемелер шеңберінде ескерту жіберілді», — деп хабарлады «Алматы Су».

Мердігерге шұңқырды топырақты қабат-қабат тығыздай отырып кері көму жұмыстарын жедел мерзімде орындау және жүріс бөлігін бұрынғы қалпына келтіре отырып, асфальтбетон жабынын қалпына келтіру тапсырылды.

«Алматы Су» кәсіпорнында қалпына келтіру жұмыстарының барысы мен сапасы кәсіпорынның ерекше бақылауында екенін қосып, туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұрады.