Алматыда жеке үйде бірге ішімдік ішкен екі ер адамның арасында жанжал шығып, 50 жастағы үй иесі 45 жастағы танысын пышақпен өлімге әкеп соқтырған жарақат салды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 24 қарашада хабарлаған алдын ала деректерге сәйкес, қайғылы оқиға жеке үйде болған.
Жанжал кезінде үй иесі пышақты алып, танысына өлімге әкеп соқтырған жарақат салған. Күдікті қылмыс ізін жасыруға тырысып, марқұмның денесін үйдің жертөлесіне тыққан.
Алайда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Буран-609» патрульдік экипаждары ер адамды ұстады. Қылмыс құралы оқиға орнынан алынды.
Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)
Бұған дейін Үндістанда 23 жастағы жігіт қызғаныш салдарынан 17 жастағы сүйіктісін өз үйінде өлтіргені, кейін өзіне қол жұмсауға әрекеттенгені хабарланған болатын.
