...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда жаңбырлы демалыс күндері күтіледі

Синоптиктер Алматыда алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі. Синоптиктердің мәліметінше, 20 маусымда қалада айнымалы бұлттылық күтіледі, күндіз аздаған жаңбыр мен найзағай ойнауы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +29…+31°C болады.

21 маусымда айнымалы бұлттылық сақталады, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, екпіні 13 м/с-қа дейін. Температура түнде +20…+22°C, күндіз ауа +31…+33°C-қа дейін жылиды.

22 маусымда жауын-шашын күтілмейді, айнымалы бұлттылық сақталады. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Температура түнде +20…+22°C, күндіз күшті ыстық +33…+35°C-қа дейін жетеді.

Дереккөз: Inalmaty.kz