...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда жаңбырға байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті

Алматыда жаңбыр жауып, синоптиктердің болжамы бойынша 12 мамыр түске дейін сақталады. Қалалық Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше, қазіргі кезде коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, орташа және қатты жауын-шашын, найзағай, сондай-ақ желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін жетеді. 11 мамырда кей жерлерде қатты жаңбыр мен желдің секундына 18 метрге дейін күшеюі күтіледі.

Жергілікті су басу қаупін болдырмау және жою үшін коммуналдық қызметтер мен мердігер ұйымдар тәулік бойы кезекшілік етеді. Кезекшілікке 104 бірлік арнайы техника, 74 мотопомпа, 12 ассенизаторлық машина, 425 жол жұмысшысынан тұратын 75 жедел бригада шығарылды, сондай-ақ 2300 құм салынған қап дайындалды.

Қосымша Алматы Құтқару қызметінің кезекшілігі ұйымдастырылды, ол ассенизаторлық техникамен және 15 мотопомпамен жабдықталған. Қалалық ТЖД бойынша 53 бірлік арнайы техника және 240 адам жұмылдырылды.

Барлығы тәуліктік шығым «Алматы Тазалық» МКК және мердігер ұйымдардың күштерін қоса есептегенде 3080 жол жұмысшысын және 1225 бірлік арнайы техниканы құрайды.

Дереккөз: Almaty.tv