...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Жеңіс күніне арналған веложарыс өтті: 40 шақырымдық маршрут

Алматыда 9 мамыр – Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған бұқаралық веложарысқа 200-ден астам велоспорт әуесқойы қатысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы Спорт басқармасының мәліметінше, веложарыс қаланың орталық көшелерімен өтті. Қатысушылар «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан старт алып, Әл-Фараби даңғылы, Саин, Рысқұлов, Шығыс айналма, Төле би, Қонаев және Гоголь көшелерімен жүріп, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында мәреге жетті. Жалпы маршрут ұзындығы 40 шақырымды құрады.

Шара соңында қатысушылар Ұлы Отан соғысы батырларын бір минут үнсіздікпен еске алып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Дереккөз: Almaty.tv