...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген Hyundai жүргізушісі тоқтатылды

Алматыда жол полициясы қызметкерлері қала жолдарында бөтен мемлекеттік нөмірмен жүрген Hyundai көлігінің жүргізушісін тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, «Буран-143» патрульдік экипажы Райымбек даңғылы мен Яссауи көшесінің қиылысында Hyundai Accent көлігін тоқтатқан.

«Тексеру кезінде полицейлер көлікке орнатылған мемлекеттік тіркеу нөмірінің жалған екенін анықтады», — делінген хабарламада.

Мұндай ауыстырудың ықтимал себептері қазір анықталып жатыр. Соның ішінде бөтен нөмірдің камералар арқылы бұзушылықтарды тіркеуден жалтару немесе басқа құқық бұзушылықтар кезінде көлікті жасыру үшін қолданылғаны тексерілуде.

Көлік арнайы айыппұл тұрағына эвакуацияланды. Жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

«Тіркеу нөмірін ауыстыру немесе жасыру әрекеті жауапкершіліктен құтылуға мүмкіндік бермейді, ал мұндай ауыстырудың өзі жауапкершілікке тартуға негіз бола алады», — деп мәлімдеді полицияда.