...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда Сайран көлі маңынан қару-жарақ табылды

Алматыда Сайран көлінің жағасына жақын жерде, Садовников көшесінде атыс қаруы мен оқ-дәрілер табылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнына Әуезов ауданы полиция басқармасының тергеу-жедел тобы дереу шыққан.

Қару мен патрондар белгіленген іс жүргізу тәртібімен алынып, сараптамаға жіберілді.

Алдын ала деректер бойынша, табылған қару газды санатқа жатуы мүмкін, деп атап өтті тәртіп сақшылары.

«Қазір жедел бөлімшелер табылған заттың шығу тегін, оның кімге тиесілі екенін анықтап, сондай-ақ қарудың қылмыс жасау кезінде қолданылған-қолданылмағанын тексереді», — делінген ведомство хабарламасында.