...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Қоғам

Астанада қар, Алматыда жаңбыр: 23-27 қарашадағы ауа райы болжамы

Қазақстанның үш мегаполисінде 23-27 қараша аралығында ауа райы құбылмалы болады: Астанада қар мен көктайғақ, Алматыда жаңбыр мен тұман, Шымкентте жаңбыр мен найзағай күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Астана

23 қараша: айнымалы бұлтты, түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр. Кей уақытта тұман, көктайғақ. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +3…+5°C. Жел секундына 9-14 метр.

24 қараша: айнымалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр мен қар, тұман, көктайғақ. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +2…+4°C. Жел секундына 9-14 метр.

25 қараша: айнымалы бұлтты, түнде жаңбыр мен қар, күндіз жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман, көктайғақ. Ауа температурасы түнде -2…0°C, күндіз 0…+2°C. Жел секундына 9-14 метр.

26 қараша: айнымалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр мен қар, тұман, көктайғақ. Ауа температурасы түнде -2…0°C, күндіз +4…+6°C. Жел секундына 9-14 метр, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

27 қараша: айнымалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр мен қар, тұман, көктайғақ. Ауа температурасы түнде де, күндіз де -2…0°C. Жел секундына 9-14 метр, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы

23 қараша: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +15…+17°C. Жел секундына 3-8 метр.

24 қараша: бұлтты, таңертең жаңбыр, күндіз жаңбыр, кешке тұман. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +15…+17°C. Жел секундына 3-8 метр, күндіз екпіні секундына 12 метрге жетеді.

25 қараша: айнымалы бұлтты, түнде жаңбыр мен тұман, күндіз жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +11…+13°C. Жел секундына 3-8 метр.

26 қараша: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +15…+17°C. Жел секундына 3-8 метр, күн соңында екпіні секундына 13 метрге жетеді.

27 қараша: бұлтты, кей уақытта жаңбыр. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +8…+10°C. Жел секундына 3-8 метр, кей уақытта екпіні секундына 12 метрге жетеді.

Шымкент

23 қараша: айнымалы бұлтты, түнде жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр мен найзағай. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +20…+22°C. Жел секундына 8-13 метр.

24 қараша: айнымалы бұлтты, түнде жаңбыр мен тұман, күндіз жаңбыр мен найзағай. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +13…+15°C. Жел секундына 8-13 метр, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

25 қараша: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде тұман. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +16…+18°C. Жел секундына 8-13 метр, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

26 қараша: айнымалы бұлтты, түнде жауын-шашынсыз, тұман, күндіз жаңбыр мен найзағай. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +21…+23°C. Жел секундына 8-13 метр, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

27 қараша: айнымалы бұлтты, түнде жаңбыр мен тұман, күндіз жаңбыр. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +13…+15°C. Жел секундына 8-13 метр.

Бұған дейін «Қазгидромет» Қазақстанның он қаласының тұрғындарын 22 қарашада ауаның ластануы жоғары болатыны туралы ескерткен болатын.