Алматы тауларында құтқарушылар 62 жастағы әйелге көмек көрсетті, ол серуендеу кезінде аяғын тайдырып, өздігінен түсе алмаған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Медеу ауданында, Шымбұлақ маңында Алматы қаласының мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары 1964 жылы туған әйелге көмек көрсеткен. Ол аяғын тайдырып алып, өздігінен түсе алмаған.
Құтқарушылар зардап шеккен әйелді төменге жеткізіп, ТЖМ апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырды, содан кейін ол қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, — делінген хабарламада.
Қазақстандықтарға төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне дереу қоңырау шалу керектігін еске салды.
