Алматыда Розыбакиев көшесіндегі тұрғын үйге салынған қосымша құрылыс заңсыз деп танылып, бұзылды. Бұл нысан дүкен және шинамонтаж шеберханасы ретінде пайдаланылған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру барысында меншік иесінің рұқсат құжаттарынсыз тұрғын үйге қосымша құрылыс салып, оны дүкен мен шинамонтаж ретінде пайдаланғаны анықталған. Нысан Розыбакиев көшесі, 292 мекенжайында орналасқан.
«Жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесінің рұқсат құжаттарынсыз тұрғын үйге қосымша құрылыс салып, оны дүкен мен шинамонтаж ретінде пайдаланғаны анықталды», — деді әкімдікте.
Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, материалдар әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілген. Сот заңсыз салынған құрылысты бұзу туралы шешім шығарды.
Осыдан кейін меншік иесі сот шешімін өз бетінше орындады.
