...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда заңсыз муралдар мен граффитиге бақылау күшейтілді

Алматыда ғимараттар мен қоршауларға заңсыз сурет салу мен жазу жағдайларын анықтау жұмыстары күшейтілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Полиция қалалық инфрақұрылым нысандарына рұқсатсыз жазылған жазулар мен салынған суреттерді анықтауға баса мән беріп отыр. Тәртіп сақшылары мұндай әрекеттер назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Қалалық және өзгенің мүлкін бүлдірген тұлғаларды анықтау жұмыстары жалғасуда. Белгіленген талаптарды бұзғаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

Бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха үкіметте өткен брифингте граффитиге салынған тыйымның ғимараттардағы муралдар мен басқа да суреттерге қалай әсер етуі мүмкін екенін түсіндірген болатын.