...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы прокуратурасы кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқығын қорғады

Алматы прокуратурасы кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша жұмыс жүргізіп, заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Ведомствоның мәліметінше, өндірістік ағынды суларды сынама алудың 184 актісі заң талаптарын бұза отырып ресімделген. Оның ішінде бес инвесторға қатысты 211 зертханалық сынақ хаттамасы жасалған.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілері мен инвесторлардың құқықтары қалпына келтірілді.

Анықталған бұзушылықтар үшін үш лауазымды тұлға заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.