Алматыда халықаралық топтың заңсыз көші-қонды ұйымдастыру қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Тергеу-жедел іс-шаралары барысында 2026 жылғы мамыр мен шілде аралығында Алматы аумағында Қазақстанның мемлекеттік шекарасын белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден заңсыз кесіп өткен Қырғызстан мен Өзбекстанның 10 азаматы анықталды.
Заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдікпен төрт адам ұсталды — оның үшеуі Қазақстан азаматы, біреуі Қырғызстан азаматы.
Тергеу деректеріне сәйкес, Қырғызстан азаматы шетелдіктерді мемлекеттік шекараға дейін алып барған. Олар шекараны заңсыз кесіп өткен соң, Қазақстан аумағында оларды сыбайластар қарсы алып, одан әрі Алматыға тасымалдауды ұйымдастырған.
Барлық күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
2026 жылғы 18 қыркүйекте шетелдік азамат шекарашыларды айналып өтіп, Қазақстанға қашуға әрекеттенгені, алайда оның ойы іске аспағаны туралы хабарланған болатын.
