...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Яссауи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыда Яссауи көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

12 тамыз сағат 23:00-ден 13 тамыз сағат 10:00-ге дейін Жандосов көшесінен Шаляпин көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс толығымен жабылады.

Жөнделіп жатқан учаскеге ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген стендтер қойылады.

Жүргізушілерге өз бағдарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Бұған дейін 11 тамыз сағат 23:00-ден 15 тамыз сағат 23:00-ге дейін Жандосов көшесінің бір бөлігінде қозғалыс шектелетіні хабарланған болатын.

Сондай-ақ, 11 тамыз сағат 20:00-ден 15 тамызға дейін Кәкімбек Салықов көшесінен Жәңгір хан көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс толығымен жабылады.

14 тамызда Алматыда Канье Уэстің концерті күні Абай даңғылында, Байтұрсынов пен Сәтпаев көшелерінде қозғалыс шектеледі.

24 шілдеден 30 қарашаға дейін Шымбұлаққа апаратын Медеу — Туюқ-Су автомобиль жолында көлік қозғалысы уақытша шектеледі.