
Алматыда соңғы үш жылда әлеуметтік және инфрақұрылымдық жаңа каркас қалыптасты. 34,2 мың орындық 20 мектеп пен 2 мың орындық 6 қосымша ғимарат салынып, 7 балабақша ашылды. Қосымша білім беру орталықтарына апта сайын мыңдаған бала барады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау саласында 1 140 келуге арналған 5 нысан іске қосылып, 140 келуге ерте араласу орталығы ашылды. 1 200-ден астам адам оңалту құралдарымен қамтамасыз етілді.
Қала экономикасы өсіп келеді: 42 өнеркәсіптік жоба жүзеге асырылып, индустриялық аймақта 9,2 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Жалпы үш жылда 199 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Мемлекеттік қолдау шараларымен 16 мыңнан астам бизнес-жоба қамтылып, 1 100-ден астам грант берілді.
Инфрақұрылымды жаңғырту аясында 700 км-ден астам жол салынып, жөнделді, 330 км-ден астам су құбыры тартылып, ондаған км инженерлік желі жаңартылды. Орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 99,2%-ға жетті.
Қалада 1 019 аула абаттандырылып, 224 көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөнделді, 331 лифт ауыстырылды. 1 200 газ автобусы мен 212 троллейбус сатып алынып, 30 қала маңы бағыты іске қосылды.
Әлеуметтік саясатқа ерекше назар аударылды. «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 4 554 жас тұрғын үй алды, 30 мыңнан астам жас жұмысқа орналастырылып, 2 мыңнан астамы жастар практикасына жіберілді.
, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Дереккөз: Zakon.kz