...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда пәтерден 33 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Алматы қаласындағы пәтерлердің бірінен 33 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, алдын ала болжам бойынша, ер адам өз өмірін қиған.

Тәртіп сақшылары алдын ала анықтағандай, соңғы бірнеше айда ер адам өмірінің қиын кезеңін бастан өткерген.

29 қыркүйекте Алматыда журналистер биік ғимараттың терезесінің сыртынан екі жігітті байқап, қайғылы жағдайдың алдын алғаны хабарланған болатын.