...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда үлкен деректер мен жасанды интеллект: социологиялық форум ашылды

Алматыда «Цифрландыру дәуіріндегі социологиялық зерттеулер: трендтер мен сын-қатерлер» форумы басталды. Сарапшылар ақпарат жинау әдістерінің цифрлық трансформациясын талқылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Форумға қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысты. Негізгі тақырып – дәстүрлі сауалнамалар үлкен деректер жиынтығымен және заманауи технологиялармен толықтырылатын цифрлық ортаға социологияны бейімдеу.

«Бүгінде бүкіл әлем онлайн деректер жинауға бет бұрды. Біз де осы бағытта қозғалып жатырмыз. Яғни, біз жай онлайн-панельдер емес, лонгитюдті панельдер құруға тырысамыз», – деді әлеуметтану ғылымдарының докторы Айгүл Зәбирова.

Форумда халықаралық тәжірибеге ерекше назар аударылды. Қатысушыларға Нидерланды мен Қытайдың зерттеулері таныстырылды, онда ұзақ мерзімді әлеуметтік өзгерістерді талдау үшін панельдік деректер, онлайн құралдар және жасанды интеллект қолданылады.

«Біз институтымыздың перспективалы бағыттары туралы айтатын бірқатар жарияланымдар, монографиялар дайындадық. Ал екінші күні сарапшылармен бірлескен шешімдер әзірлейтін стратегиялық сессия өткізуді жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов.

Дереккөз: Almaty.tv