...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қоғам

Алматыда үш қыз отырған такси тоқтатылып, бірінен есірткі табылды

Алматы полициясы Медеу ауданында үш кәмелетке толмаған қыз отырған таксиді тоқтатып, олардың бірін есірткі таратуға күдіктейді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық ПД Instagram-дағы ресми парақшасындағы мәліметке сүйенсек, оқиға Медеу ауданында болған. Тәртіп сақшылары тоқтатқан такси салонында үш кәмелетке толмаған қыз болған.

Жедел деректер бойынша, олардың бірі есірткіні «закладка» арқылы таратумен айналысқан. Қалған қыздар оның қасында болған, қазір тергеу олардың хабардарлық дәрежесі мен заңсыз әрекетке қатысын анықтауы керек, – делінген Алматы ПД хабарламасында.

Күдіктіні тексеру кезінде одан түрлі түсті оқшаулағышпен оралған бірнеше орама табылған. Ішінде өсімдік тектес заттар, сондай-ақ алдын ала мәлімет бойынша кристалл түріндегі синтетикалық есірткі болған.

Кәмелетке толмаған қыздың өзі тыйым салынған заттарды жасырын орындарға қалдырып, таратқанын мойындаған.

Полиция жасөспірімді қылмысқа кім тартқанын, заңсыз схеманың қалай ұйымдастырылғанын және неліктен ол дәл осылай ақша табуды таңдағанын анықтап жатыр. Оның тәрбиесіне, ата-анасы мен жақын ортасының рөліне ерекше назар аударылады.

Дереккөз: Nur.kz