...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда есірткі таратқан 29 жастағы ер адам ұсталды

Алматыда есірткі таратқан деген күдікпен 29 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасындағы мәліметке сүйенсек, ұстау Медеу ауданында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген.

Жеке тексеру кезінде ер адамнан оқшаулағыш таспамен оралған ондаған орама табылған. Олардың бірінде марихуана, ал қалғандарында алдын ала мәлімет бойынша, одан әрі сатуға арналған синтетикалық есірткі болған.

Ұсталған адамның мойындауынша, ол шамамен бір ай бұрын интернеттен «жұмыс» тауып, қала аумағында есірткі тарата бастаған.

Осы факті бойынша Медеу ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта жедел уәкілдер есірткінің жеткізу арнасын, қылмыстық схеманың ұйымдастырушысын және есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар басқа да адамдарды анықтауда.

Дереккөз: Nur.kz