...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматылықтар Төле би – Момышұлы қиылысындағы жаңа аялдамаларға наразы

Алматы тұрғындары Төле би – Момышұлы қиылысындағы аялдама кешенінің бұзылып, орнына тым тар жаңа құрылымдардың қойылуына шағымданды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала тұрғындарының айтуынша, бұл жерде адам көп жиналады, ал жаңа құрылымдар тым шағын. Әлеуметтік желідегі хабарламада аялдаманың бұзылғаны, орнына қаңқасы жабық күйдегі жаңа құрылымдардың қойылғаны айтылған. Айтуларынша, бұрынғы аялдама үлкен аумақты алып жатқан, онда таңертеңнен автобус күтіп тұрған жолаушылар көп болатын, ал қазір 1,5 метрге 3 метрлік екі құрылым ғана әкелінген. Бұған дейін олар Н. Сац атындағы театр маңында тұрған.

Қала әкімдігі жағдайға түсініктеме беріп, Төле би мен Момышұлы көшелерінің қиылысында бұрын қажетті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген сауда орындары бар аялдама кешені орналасқанын хабарлады.

«Заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде заңсыз салынған сауда нысанын бұзу ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта аталған учаскеде конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін жолаушыларға қоғамдық көлікті күту жағдайын қамтамасыз ету үшін екі аялдама павильоны уақытша орнатылып жатыр. Бүгінгі күні жаңа аялдама павильондарын сатып алу және орнату бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде», — делінген әкімдік хабарламасында.

Әкімдік конкурс қорытындысы шығып, мердігер ұйым анықталғаннан кейін уақытша құрылымдар жолаушылар ағыны мен қоғамдық көлікті күтуге қолайлы жағдай жасау қажеттілігі ескеріле отырып, жаңа аялдама павильондарына ауыстырылатынын қосты.