...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Қоғам

Алматы мен маусым неке қию бойынша рекорд орнатты

Неке қию саны бойынша көш бастаған Алматы, екінші орында Астана, үшінші орында Түркістан облысы, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мекемесі отбасылық өмірді бастау үшін жиі таңдалатын айларды да атады. Ең көп неке қиылған ай – маусым: 15 192 неке. Екінші орында – тамыз (11 761 неке), үшінші – шілде (11 674 неке), төртінші – қыркүйек (9 855 неке), бесінші – сәуір (8 001 неке).

Бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мекемесі қазақстандықтарға некеге тұрған кезде қос фамилияны таңдауға қатысты ерекшелік туралы айтқан болатын.