Алматы полициясы қалада есірткі таратумен айналысқан күдіктіні ұстады. Оның жеке басын тексеру кезінде ондаған орама табылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жеке тексеру кезінде одан изолентамен оралған ондаған бума табылды. Олардың бір бөлігінде марихуана, ал қалғандарында, алдын ала мәлімет бойынша, сатуға арналған синтетикалық есірткі болған.
Ұсталған адамның айтуынша, ол шамамен бір ай бұрын интернеттен осындай «жұмыс» тауып, қалада есірткі тарата бастаған. Бұл туралы полицияда хабарлады.
Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Қазіргі уақытта полицейлер есірткіні жеткізу арнасын, схеманы ұйымдастырушыны және басқа да қатысушыларды анықтауда.
Бұған дейін Жетісу тұрғыны ірі партия мефедронмен ұсталған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz
