Алматыда 31 шілде мен 25 тамыз аралығында №233, №303 және №306 автобус бағыттарының қозғалыс схемасы өзгереді, деп хабарлады мегаполистің көлік холдингі. Бұған «КазАвтоЖол» ҰК жүргізіп жатқан жөндеу жұмыстары мен «Алматы – Тонкерис – Байсерке – Междуреченск» республикалық маңызы бар автожолдың 19-шы шақырымында орналасқан көпірдегі қозғалыстың уақытша шектелуі себеп болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жөндеу кезеңінде автобустар айналма жолмен жүреді. Солтүстік бағытта қозғалыс Жансүгіров көшесімен ұйымдастырылып, Алматы – Хоргос трассасы, Капшағай трассасы және Междуреченское – Новоалексеевка автожолы арқылы бұрылыстар жасалады, содан кейін автобустар әдеттегі схемамен жүруді жалғастырады.
Кері бағытта автобустар Междуреченское – Новоалексеевка трассасымен жүріп, Капшағай трассасына, Алматы – Хоргос автожолына және Жансүгіров көшесіне бұрылыстар жасайды, әрі қарай қолданыстағы бағыт бойынша жүреді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Дереккөз: Inalmaty.kz
