...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда үш күн жауын-шашынсыз, бірақ түнде -5°С аяз болады

Астана мен Алматыда нөсер жаңбыр мен қардан кейін жауын-шашынсыз ауа райы орнайды, ал Шымкент тұрғындары +11°С-қа дейін жылы ауа райынан ләззат ала алады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған болжамды ұсынды. Астанада 12 қарашада айнымалы бұлтты, таңертең және күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Ауа температурасы түнде -3-5°С, күндіз -1+1°С. 13 қарашада айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз, әлсіз жел соғады. Түнде -3-5°С, күндіз +2°С. 14 қарашада айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел секундына 7-12 метр. Түнде -2-4°С, күндіз +1+3°С.

Алматыда 12 қарашада айнымалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман. Жел секундына 3-8 метр. Түнде -2°С, күндіз +5+7°С. 13 қарашада айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Жел секундына 8 метрге дейін күшейеді. Түнде -2-4°С, күндіз +5+7°С. 14 қарашада айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -3-5°С, күндіз +5+7°С.

Шымкентте 12 қарашада айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз, кейде тұман. Жел секундына 5-10 метр. Түнде -1-3°С, күндіз +6+8°С. 13 қарашада айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Жел екпіні секундына 13 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнде -1-3°С, күндіз +7+9°С. 14 қарашада айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел секундына 8-13 метр. Түнде -1-3°С, күндіз +9+11°С.

Сонымен қатар, Zakon.kz тілшісі қолайсыз ауа райында суланған аяқ киім мен киімнен ауруға шалдықпау жолдарын айтты.