...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда метро құрылысына байланысты Алатау даңғылында көлік қозғалысы өзгереді

Алматыда метро құрылысына байланысты Алатау даңғылында көлік қозғалысының схемасы өзгеріп, көлік бұрын салынған айналма жолмен жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жол-жөндеу жұмыстары мен қозғалысты жабу уақыты туралы Telegram-арнадағы мәліметке сәйкес, көлік ағыны дайын айналма жолға бағытталады.

Жаңа №1 метро станциясы Алатау даңғылында, Абай даңғылынан солтүстікке қарай орналасады.

Бірінші желінің үшінші кезеңі жобасында шамамен 5,3 шақырым тоннель және үш жаңа станция салу қарастырылған.

№2 станция Алатау даңғылының болашақ Төле би көшесімен қиылысатын ауданында пайда болады, ал №3 станцияны «Барлық» базарының жанынан салу жоспарланып отыр.

Мұнда метро, автобус маршруттары мен LRT-ны біріктіретін көлік-алмасу торабы құрылады. Сондай-ақ тұрақ қарастырылған.

Бұған дейін біз Алматыға кіреберістерде аркалар орнатылып, жол жабыны бетонға ауыстырылып жатқаны туралы жазған болатынбыз.