...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда үш автобус бағытының қозғалыс схемасы өзгереді

25 шілде 2026 жылдан бастап Алматыда №61, 218 және 238 автобус бағыттарының қозғалыс схемасы өзгереді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Шешімді Қалалық жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы Саина көшесінің Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейінгі жаңа учаскесінде қозғалыстың ашылуына, сондай-ақ Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейінгі учаскеде қоғамдық көлікке арналған бөлек жолақтың іске қосылуына байланысты қабылдады.

Өзгерістер қоғамдық көлік қозғалысының жылдамдығы мен тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ жаңартылған көше-жол желісін тиімді пайдалануға бағытталған.

25 шілдеден бастап бағыттар келесі схемалар бойынша жүреді:

№218 маршруты

— Оңтүстік бағытта: Мөңке би көшесі – Саина көшесі – Абай даңғылы – Яссауи көшесінен кейін бұрылыс – Абай даңғылы – «Б. Момышұлы метро станциясы» соңғы аялдамасы.

— Кері бағытта: «Б. Момышұлы метро станциясы» – Абай даңғылы – Саина көшесі – Мөңке би көшесі – әрі қарай қолданыстағы схема бойынша.

№238 маршруты

— Оңтүстік бағытта: Саина көшесі – Төле би көшесі – «Автовокзал» соңғы аялдамасы.

— Кері бағытта: «Автовокзал» – Төле би көшесі – Саина көшесінен кейін бұрылыс – Төле би көшесі – Саина көшесі – әрі қарай қолданыстағы схема бойынша.

№61 маршруты

— Оңтүстік бағытта: Абай даңғылы – Саина көшесі – Әл-Фараби даңғылы – «“Арман” автовокзалы» соңғы аялдамасы.

— Кері бағытта: «“Арман” автовокзалы» – Жароков көшесінің айырмасы – Әл-Фараби даңғылы – Саина көшесі – Абай даңғылы – әрі қарай қолданыстағы схема бойынша.

Жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде өзгерістерді ескеру сұралады. Жаңартылған қозғалыс схемалары туралы ақпарат аялдамаларда және қалалық ақпараттық сервистерде орналастырылады.

Дереккөз: Almaty.tv