
Алматыда 13 мамырға қараған түні «Алматы Арена» мұз сарайының маңында Chevrolet Cobalt пен Kia Sportage соқтығысып, Cobalt аударылып кетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиға бүгін, 13 мамырда, сағат 00:30-да Алатау ауданында болды. Chevrolet жүргізушісі Момышұлы көшесімен солтүстікке қарай жүріп келе жатып, қатардан қатарға ауысу кезінде Kia маркалы автокөлікпен соқтығысқан.
Соққы салдарынан Chevrolet аударылып, кедергіге соғылған. Бұл автокөліктің жүргізушісі медициналық көмекке жүгінген.
Апаттың мән-жайын аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.
Дереккөз: Nur.kz