
Алматы полициясы түнде қаланың негізгі көлік дәліздерінің бірі – Абай даңғылында шығыс және батыс бағыттарында «бөтелке мойны» әдісімен сүзгі бекетін ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара барысында көлік құралдары тексерілді. Жұмысқа эвакуаторлар мен қызметтік иті бар кинологиялық бөлімшелер жұмылдырылды.
Бір түннің ішінде аталған учаскеде 70-тен астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Полиция қалада жол қауіпсіздігін бақылаудың жаңа форматы – «бөтелке мойны» қағидаты бойынша сүзгі бекеттерін енгізу туралы 2026 жылдың сәуірінде хабарлаған. Бұл әдіс көлік ағынын баяулатып, жүргізушілерді таңдамалы тексеруді қамтамасыз етеді.
Дереккөз: Zakon.kz