...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда полиция түнгі рейдте «бөтелке мойны» әдісімен 70-тен астам бұзушылықты анықтады

Полиция қызметкерлері түнгі уақытта Абай даңғылында «бөтелке мойны» әдісімен фильтрациялық бекет құрды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Қаланың негізгі көлік дәліздерінің бірі – Абай даңғылының шығыс және батыс бағыттарында полицейлер фильтрациялық бекет ұйымдастырып, онда көліктерді тексеруден өткізді. Іс-шараның мақсаты – жол қауіпсіздігін күшейту, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды, оның ішінде алкогольдік және есірткілік масаң күйде көлік жүргізуді, сондай-ақ техникалық ақауы бар және тонировкаланған көліктерді пайдалануды анықтау және жолын кесу.

Рейдке эвакуаторлар мен қызметтік иті бар кинологиялық бөлімшелер жұмылдырылды. Полиция қызметкерлерінің іс-әрекеті кешенді сипатта болып, жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыруға және қала жолдарындағы қауіпті жағдайлардың алдын алуға бағытталды.

Тек бір түннің ішінде осы учаскеде 70-тен астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді, – делінген қалалық полиция департаментінің хабарламасында.

Дереккөз: Nur.kz