Алматының Алатау ауданында Орталық көшесінің бір бөлігі бірнеше түн бойы жабылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Шектеулер 29 қазаннан 3 қарашаға дейін түнгі сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін күшінде болады.
Яғни қозғалыс осы уақыт аралығында Орталық көшесінің белгілі бір учаскесінде тоқтатылады. Жүргізушілерге түнгі сапарды жоспарлағанда осы жағдайды ескеру қажет.
