...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда жөндеу жұмыстары кезіндегі ретсіздік үшін құрылыс компаниялары миллиондаған теңге төлейді

Алматыда қала аумағында құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде экологиялық талаптар мен абаттандыру ережелерінің сақталуы тексерілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС 29 қазанда мәлімдеді.

Тексеру қорытындысы бойынша ғимараттардың қасбетін жөндеу кезінде тағы бес ұйым, кәріз және инженерлік желілерді тарту кезінде төрт ұйым, ал арық желілерінде жұмыс істеу кезінде бір ұйым айыппұлға тартылды.

Анықталған фактілер бойынша 1 340 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, оның жалпы сомасы 5,7 млн теңгені құрады.

Айта кетейік, алматылықтар қала көшелерінде құрылыс жұмыстары кезінде шаңның көп болуына бірнеше рет шағымданған.