...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда түнде екі Camry соқтығысып, біреуі төбесіне аударылды

Алматыда түнде екі Toyota Camry көлігі соқтығысып, салдарынан бір көлік төбесіне аударылып қалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы мегаполистің Медеу ауданында түнгі сағат 12-лер шамасында болған.

Toyota Camry жүргізушісі Талғар трактісімен шығыс бағытта келе жатқан. Аяз би көшесімен қиылыста ол тағы бір Toyota Camry-мен соқтығысқан.

Апаттың алдын ала себебі — қашықтықты сақтамау. Полицияның хабарлауынша, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеді.

Оқиғаның мән-жайын аудандық полиция қызметкерлері анықтап жатыр.