...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Air Astana Алматы әуежайынан ұшатын жолаушыларға ескерту жасады

Air Astana әуе компаниясы Алматы халықаралық әуежайының Т-1 терминалында жаңартылған инфрақұрылым іске қосылғанын хабарлап, жолаушыларды ұшу алдындағы рәсімдерден өту үшін әуежайға ертерек келуге шақырды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Компанияның жердегі қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Александр Небога атап өткендей, Т-1 терминалында ауқымды қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Оның пікірінше, заманауи инфрақұрылым, жақсартылған сервистер және қолайлы навигация әуежайдағы уақытты жайлы етіп, жолаушыларға ұшу алдындағы рәсімдерден тезірек өтуге көмектеседі.

Алматы әуежайын жаңғырту аясында Т-1 терминалында тіркеу аймақтары жаңартылды. Олардың дизайны заманауи сәулет шешімдерін Қазақстанның мәдени бірегейлігі элементтерімен ұштастырады. Ұшу алдындағы рәсімдерді жеделдету үшін әуежайда жолаушылар мен ұшу құжаттарын тексеретін бес автоматтандырылған пункт орнатылды. Ұшу аймағында жолаушылар орындықтарының саны арттырылып, цифрлық ақпараттық таблолар жаңартылды және заманауи көптілді навигация жүйесі енгізілді.

Сонымен қатар балаларға арналған ойын алаңдары, багаж беру аймағы және тағы басқа нысандар жаңғыртылды.

Air Astana жолаушыларға ұшу алдындағы барлық формальды рәсімдерден өтуге жеткілікті уақыт болуы үшін әуежайға алдын ала келуді ұсынады.

Айта кетейік, 2026 жылғы 29 қазанда Қазақстанда ұшақ бортында жоғары жылдамдықты Wi-Fi іске қосылғаны белгілі болды.