
Алматы тұрғыны 26 сәуір 2026 жылы Theads парақшасында тротуарларды арнайы құралдармен жуу туралы жазба жариялап, қала тұрғындарының пікірталасына себеп болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі тротуарларды маусымнан кейінгі шаң, кір және ластануды кетіру үшін арнайы құралдармен жуатынын түсіндірді. Тазалау кезең-кезеңмен жүргізіледі: алдымен тротуарларды су мен жуғыш ерітіндімен өңдейді, содан кейін кірді қолмен щеткамен жинайды, соңында таза сумен шайып тастайды.
Мамандардың ақпараты бойынша, тазалау жұмыстары ең көп жаяу жүргіншілер жүретін көшелер мен даңғылдарда – Абай, Райымбек, Назарбаев даңғылдарында, сондай-ақ Панфилов, Сәтбаев, Гоголь және басқа көшелерде жүргізілуде.
Қазнет қолданушыларының пікірлері екіге жарылды. Бірі «Нарсайын!» деп қуанса, енді бірі «Ақшаны ысырап ету» деп сынады. «Брусчатка мен плитка көп, оны жуу керек еді», «Алдымен кірдің көзін жою керек – асфальтталмаған жолдар, ашық жерлер, құрылыс алаңдары», «Фасадтарды бірдей етіп, балкондарды заңмен реттеу керек» деген пікірлер айтылды.
Дереккөз: Zakon.kz