Алматыда электросамокаттар мен басқа да жеке ұтқырлық құралдарын қауіпсіз пайдалану мәдениетін арттыруға бағытталған профилактикалық жұмыс жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицейлер электросамокаттардың танымалдылығы артқан сайын әрбір пайдаланушының жол жүрісі ережелерін сақтау жауапкершілігі де артатынын еске салады. Түсіндіру жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан, полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін бұзушылықтарды анықтауды жалғастыруда. Профилактикалық іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі. Полицейлер қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіріп, жеке ұтқырлық құралдарын пайдаланушылармен әңгімелесіп, оларды белгіленген ережелерді сақтауға шақырады.
«Электросамокат бүгінде әдеттегі көлік құралына айналды, алайда қауіпсіздік әркімнің жеке жауапкершілігінен басталады. Біз бір самокатта екі немесе тіпті үш адам жүретін, үлкен көлемді жүк тасымалданатын, жол жүрісі ережелерінің талаптары еленбейтін жағдайларға жиі тап боламыз. Мұндай бұзушылықтар жол-көлік оқиғаларының қаупін едәуір арттырады. Біз барлық пайдаланушыларды белгіленген ережелерді сақтауға, жол қозғалысының басқа қатысушыларын құрметтеуге және қабылданып жатқан барлық шаралардың басты мақсаты — адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау екенін есте сақтауға шақырамыз», — деді Алматы қалалық Полиция департаментінің профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары Рустем Әбдіғалиев.
Дереккөз: Almaty.tv