Алматының Алмалы ауданында 40 жастағы әйел тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, алдын ала болжам бойынша, әйел биіктіктен құлап кеткен. Тергеу-жедел тобы пәтерді қарау кезінде тергеу үшін маңызы бар материалдарды, оның ішінде жазбаны тапты. Оның мазмұны тексеру аясында зерделенетін болады.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тергеу шараларының кешенін жүргізуде. Олар оқиғаның толық бейнесін анықтап, қайғылы оқиғаның ықтимал себептерін, қайтыс болған әйелдің өмір салтын, оның қарым-қатынас шеңберін және оқиғаға дейін болған басқа да мән-жайларды зерттеуде.
Тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Дереккөз: Inalmaty.kz