...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда Төле би – Розыбакиев қиылысында көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда Төле би мен Розыбакиев көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 30 қыркүйекте Almaty_Joly Telegram-арнасы хабарлады.

Хабарламаға сәйкес, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде ескерту белгілері орнатылады.

Тұрғындар мен қала қонақтарынан өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.

2026 жылғы 25 қыркүйекте Алматыдағы Төле би көшесін кезең-кезеңімен ішінара жабу туралы хабарланған болатын. Себебі – ЖРТ жобасын іске асыру.