...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыда Төле би көшесінің бір учаскесінде жүріс-тұрысқа уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Шектеу көшені тесу жобасын іске асыру аясындағы құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты. Атап айтқанда, биылғы 14 шілдеден 25 тамызға дейін Ашимов көшесінен Алатау көшесіне дейінгі учаскеде жол жабылады. Көліктерді айналып өту Сабденов көшесі бойынша ұйымдастырылады.

Учаскеге ескерту белгілері қойылады. Жүргізушілерге кептелістерді болдырмау үшін маршруттарын алдын ала түзету және жолдағы уақытты жоспарлау ұсынылады.

Бұған дейін Алматыда Снегин көшесінің учаскесінде құбыр ауыстыруға байланысты жүріс-тұрыс уақытша шектелетіні хабарланған еді.

Дереккөз: Inform.kz