Алматы тұрғындарын Төле би көшесіндегі уақытша қозғалыс шектеулері туралы ескертті. Олар биылғы 14 шілдеден 25 тамызға дейін созылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, Төле би көшесін жалғастыру жобасы аясында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге байланысты уақытша шектеулер енгізіледі.
«Ағымдағы жылдың 14 шілдесінен 25 тамызына дейін Ашимов көшесінен Алатау көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Көліктердің айналып өтуі Сабденов көшесі бойынша ұйымдастырылады», — делінген әкімдік хабарламасында.
Ведомство учаскеде ескерту белгілері қойылатынын атап өтіп, қала тұрғындарын өз бағдарын алдын ала жоспарлауға шақырды.
Дереккөз: Nur.kz